Книжная палата РК
» » «Наурыз – думан»
» » «Наурыз – думан»

    «Наурыз – думан»


    Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Наурыз тойын Алатаудың баурайында атап өтті. Жаңа жылдың бастауы саналатын, күн мен түннің теңелген, Ұлыстың ұлы күні, көктем мерекесіне мекеме қызметкерлері ерекше көңіл-күймен келіп, барынша белсене араласты.


    ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Наурыз мейрамының аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспай жүргені» туралы айтқан болатын. «Сол себепті мерекенің өзіне сәйкес айшықтарын түлете отырып, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпы қазақстандық мереке дәрежесіне жеткізу керек. Бұл мәселеде Ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғырту деген асқақ ой жатыр. Қазір Наурыз дегенде, тігілген киіз үйлерге келіп, қонақ болып кететіндер мен сырттан бақылайтындар деп екіге бөліп қарауға болады. Мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы болу керек. Біз осыған аса назар аударғанымыз жөн», - деп атап өткен еді министр. Осы мәселені ескере отырып, Кітап палатасы биылғы Наурыз мерекесінде шын мәніндегі ұзату тойын жасады.


    Ұзатылып жатқан Надира қызымызға Кітап палатасының директоры, жазушы Әлібек Асқаров, директордың орынбасары, ақын Маралтай Ыбыраев, жазушы, Кәдірбек Сегізбаев, ақын Рафаель Ниязбеков сынды ел ағалары баталарын берді. Ұзату тойын белгілі журналист Аман Тасыған жүргізіп, әнші Ләззат Байырбекова әнмен шашу шашты.




    Тау бөктерінде өткен ұлан-асыр тойға бүлдіршіндер де белсене қатысып, күй тартып, ән шырқады, өлең оқыды. Кеш соңында ақын-жазушы ағаларының кітаптарын тартуға алып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

    Кітап палатасында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлерден құралған «Әжелер ансамблі» де марапатқа лайық деп танылды.











    Мереке қонақтары ақын Рафаель Ниязбеков, жазушы Кәдірбек Сегізбаев жиналған жұртқа арнап ақ тілегін жаудырып, ұзатылған қызға батасын берді.

    Назарларыңызға тау бөктерінде атап өтілген Наурыз мерекесінен суреттер ұсынамыз. Суреттердің авторы Самат Құсайынов.








    Комментарии


    Здравствуйте. как можно получить информацию о стоимости на приобретение номера isbn
    • Нравится
    • 0

    Добавить комментарий
    Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

    Запрещено использовать не нормативную лексику, оскорбление других пользователей данного сайта, активные ссылки на сторонние сайты, реклама в комментариях.

  • Фото новости
    Событие дня
    Новые статьи
    02 май «Наурыз – думан»

    Топ новости